Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда күніне 10 адам суицид жасайды — депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов еліміздегі суицидке баратындардың саны артқанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 4 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсайды.

06.10.2022
Қоғам

«2012-2021 жылдар аралығындағы он жылдық суицид статистикасы бойынша, Қазақстанда күн сайын 8-11 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Күніне 9-16 адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Қазақстанда 2013, 2015 және 2019 жылдарда ең көп суицид болды», − деді Смайлов Парламенттегі отырыста.

Сонымен қатар, ол ерлердің көбірек өз-өзіне қол жұмсауға бейім екенін атап, Қазақстандағы бес суицидтің төртеуі ер азаматтардың тарапынан жасалғанын айтты.

«Жасалған суицидтердің 80% ер адамдар, 20% әйелдер тарапынан орын алды. 2012-2018 жылдары өзіне қол жұмсаудың 48% әйелдер, 51% ерлер жасаған. Соңғы үш жылда өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінде ерлердің үлесі 65%-ға дейін өсті. Ер адамдар әйелдерге қарағанда суицид жасауға бейім екенін көрсетеді және соңғы үш жылда бұл үрдіс күшейе түсті», — деді депутат.

Суицидке жиі баратындардың жасы– 45 пен 54 жас аралығындағылар.

«Бұл кіші және аға буынды күтіп-бағу және қолдау бойынша жүктеме жүктелетін азаматтардың санаты. Олар жеке саясаты бағытталмаған азаматтар санаты», — деді депутат.

Ерлан Смайловтың пікірінше, бұл мәселеге саяси көңіл бөлінбейді, өйткені суицидтің көп бөлігінің себептері анықталмаған. Көптеген суицидтердің себебі жалғыздық, қаржылық проблема және әртүрлі аурулар болып отыр.

Ерлан Смайлов қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы тұрудың ұлттық стратегиясын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша емханаларда күйзеліс мен психикалық бұзылуларды міндетті түрде анықтауды қарастыруы керек деді.

Тегтер: Қазақстансуицид

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz