Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласындағы зауыт жаңа антифриз өндірісін іске қосты

Күні кеше автокөліктерге арналған түрлі сұйықтықтарды шығаратын «Bagashar meken» ЖШС-нің қазақстандық бренді дүниеге келді. Енді бұл зауыт «Kzcool» атты антифриз өндіреді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

05.10.2022
Аймақ
Қонаев қаласының баспасөз қызметі

Қонаев қаласының баспасөз қызметі

Зауыттың жаңа бағытын шаһар басшысы Нұрлан Құматаев іске қосты. Салтанатты шараға Қазақстанның «Автохимияны өндірушілер және тұтынушылар ассоциациясының» президенті Дәурен Айқұмбаев қатысты.

Қонаев қаласының баспасөз қызметі

«Біз 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Зауыт тосол, антифриз, салқындатқыш сұйықтық, көліктің әйнегін жууға арналған және дизель отынымен жүретін автокөліктердің газ шығарушы жүйесін тазалайтын арнайы сұйықтықтарды өндіреді. Енді қазақстандық өнімге мән беріп, «Kzcool» антифризін шығаратын үлкен бағыт ашылды», — дейді «Bagashar meken» ЖШС-нің басшысы Алексей Воробьев.

Оның айтуынша, 2013 жылдан бері елімізде дизельдік көліктерді пайдаланылған газдан міндетті түрде тазарту туралы арнайы заң қолданысқа енгізілді. Сондықтан 2021 жылы «Bagashar meken» ЖШС Германияның VDA атты жол қауымдастығынан AdBlue маркалы сұйықтықты өндіруге лицензия алды. Және аталған серіктестік Орталық Азиядағы VDA рұқсатнамасына қол жеткізген жалғыз зауыт.

Қонаев қаласының баспасөз қызметі

«Өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия секілді елдерге экспортталады. Жылына бюджетке 800 млн теңге салық төлейміз. Зауытта 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Қауқары – жылына 25 мың тонна өнім өндіруге жетеді», — деді зауыт басшысы.

Сонымен қатар ол Қазақстан аумағына тауарларын заңсыз кіргізіп жатқан кәсіпкерлермен тиісті жұмыс атқарылмай жатқанын айтты.

«Бұл мәселе зауыттың қанатын кеңге жаюына кедергі келтіріп тұр. Әйтпесе, елдің түкпір-түкпірін қажетті автохимиямен қамтамасыз етуге шамамыз жеткілікті. Жауапты мамандар осыған көңіл бөлсе деген өтініш бар», — деп сөзін түйіндеді кәсіпкер.

Қонаев қаласының баспасөз қызметі
Тегтер: зауытҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz