Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

15 жасар Жібек Құлымбетова Абу-Дабиде тағы чемпион атанды

Джиу-джитсу және грэпплингтен бес дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткен AJP Tour Asia Continental PRO - GI халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Араб елдерінде 15 жасар қазақ қызының аты танымал болған, деп хабарлайды Alataunews.kz

05.10.2022
Жаңалықтар

«15 жастағы қазақ қызы өзінен үлкен 18 жастағы және 26 жастағы қарсыластарын тізе бүктірді. Бұл Жібектің ересектер арасына шығып күш сынасқан алғашқы жарысы», — дейді жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров турнирге Жібек Құлымбетовадан бөлек тағы үш спортшының қатысқанын айтты.

«Олардың барлығы мықты қарсыластармен сынға түсті. Жасыл белбеу иегерлері арасынан шәкіртіміз Нұрай Алтынбек екінші орын алса, қара белбеу иегері Самат Айтпанбет, өкінішке орай, жарақатына байланысты жеңіліп қалды. Қоңыр белбеу иегері Мақсат Мұратұлы да күміс жүлдегер атанды», – дейді бапкер.

Ал Жібек Құлымбетова – Алматы облысы Іле ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр -QTT» спорт клубының тәрбиеленушісі. Ол Абу-Дабиде джиу-джитсудан төрт дүркін әлем чемпионы және Мәскеуде өткен грэпплингтен әлем чемпионатының жеңімпазы.

«Жалпы бүл спортпен айналысқаныма 5 жылдан асты. Мен жасы үлкен спортшылармен жарысып, екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеттім. Әрине қиындық болды. Қазір мен күлгін белбеу турнирінің жеңімпазымын. Қолдау, тілектері үшін бәріне мың алғыс. Бапкерім Нұрсұлтан Орынбасаровқа ерекше алғыс айтамын», — дейді Жібек Құлымбетова.

Тегтер: Джиу-джитсу

Соңғы жаңалықтар

Фото: kopsozkz

Конституция күні жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі

Мөлдір Иманмади
16.03.2026

Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында референдумға қатысу 90 пайыздан асты

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Алматы облысында референдум қалай өтті?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында ерекше жағдай: учаске жабылған сәтте келген тұрғын дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz