Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Елімізде жол апатынан жыл сайын 2 мыңнан аса адам қаза болады — Марат Ахметжанов

Қазақстанда жыл сайын 13 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы болады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

04.10.2022
Арнайы жоба

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысындағы баяндамасында айтты. Министрдің айтуынша, жыл сайын жол апаты салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза болса, 18 мыңға жуық адам түрлі жарақат алған.

«Жол оқиғалары Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысында және Түркістан облысында азаймай тұр», – дейді министр.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов көлік апаттарының негізгі себептерін атап өтті.

«Жолдардың нашар жағдайы. Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп. Айталық, 26 қыркүйекте Ақтөбеде тұрғындар айналма жолды жауып тастады. Себебі ол жолда не жарық жоқ, не жаяу жүргінші өтетін жер, не қауіпсіздік элементтері жоқ. Мұның бәрі жол апатына алып келеді. Жол қауіпсіздігі саласында бейнекамералар мен басқа да техникалық бақылау құралдары жеткіліксіз. Республикалық маңызы бар автожолдарда бейнебақылау жүйесі тек Ақмола облысында ғана бар. Біздің басты міндетіміз – жол қауіпсіздігі, жол апаттары мен одан қаза болу жағдайларын азайту бойынша кешенді шешімдер қабылдау», – деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, елімізде жыл басынан жол апаты – 14%-ға, қаза тапқандар саны – 18%-ға, жарақат алғандар саны – 13%-ға көбейген.

Тегтер: Жол апатыІІМҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz