Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көлсайға демалатын орындар қойғанбыз, туристер оны жағып жіберген – Арслан Дандыбаев

Алматы облысында туризмді дамытудың болашағы туралы облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев айтып берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.09.2022
Аймақ

Қазіргі уақытта жергілікті билік Қонаев қаласында туристік экономиканы дамыту бойынша жоспарлар әзірленіп жатыр. Сонымен қатар туризмнен түсетін салық кірісі тек жаз айларында емес, қыста да түсетін болады.

Дандыбаевтың пікірінше, экономиканы көтеру үшін өңірде көрікті жерлер де, әлеуеті жоғары инвесторлар да жетерлік.

«Қонаев төңірегіндегі туризмді дамыту керек. Мәселен, Есік көлінің болашағы үлкен, Көлсай көлдерінен кем түспейді. Түрген шатқалы бойынша да жоспарлар бар. Еңбекшіқазақ ауданы елімізде ең тығыз қоныстанған елдімекен. Сол жердің жергілікті тұрғындарының өздері этнотуризмнің дамығанын қалайды», – дейді Дандыбаев Алматы облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесуінде.

Оның айтуынша, Көлсай көлдеріне барар жолда орналасқан Саты ауылында соңғы екі жылда 100-ден астам «қонақ үй» ашылған. Бірақ оларды қонақ үй деп айтуға келмейді. Ауыл тұрғындары өз үйлерін кішігірім қонақ үйге айналдырып, ішіне жуынатын бөлме, дәретхана орнатып, жиһаз қойып туристерге жалға беріп жүр. Бірақ табысын жасырады.

«Кәсіпкерлердің көбісі заңды жұмыс істегісі келмейді. Қапшағайда да ұқсас жағдай. Салықтан жалтару үшін олар туристердің тек 25-30% көрсетеді. Бұны қолға алу керек. Мәселен, Алакөлде 5 жыл жұмыс істеп, кәсіпкерлерге бизнеспен таза айналысуға шақырдық. Бизнеспен ашық айналысса сақтандыру және мемлекет тарапынан қолдау болатынын түсіндірдік», – деді Дандыбаев.

Тынығу үшін салынған ағаш орындарды туристер тонған кезде жылыну үшін жағып жіберген жағдай туралы да айтты әкімнің орынбасары.

«Біз этнотуризмді дұрыс құруды үйренуіміз керек. Ең бастысы – мәдениет. Бізден Көлсайға жол жасауды сұрады – жасадық. Қазір көлге күніне 5 мың демалушы келеді. Біз туристерге арнап демалып, отыратын орындарды да қойдық. Алайда адамдар оны отын ретінде жаққан», – деді әкім орынбасары.

Тағы бір мәселе – көлге лақтыратын қоқыс.

«Демалушылар катамарандарға мінгенде өздерімен алып келген бөтелке, темекі тұқылдарын суға лақтырады. Бұл — үлкен мәселе. Туристердің экологиялық мәдениетін дамытуымыз қажет», – деді Дандыбаев.

Тегтер: КөлсайТуризм

Соңғы жаңалықтар

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
25.08.2026

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау

Диана Ахметова
25.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
25.08.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Диана Ахметова
25.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz