Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазына автокөлік кілті табысталды

Бүгін ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

30.09.2022
Аймақ
Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

Педагогтардың басқосуында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев «Үздік ұстаз» атанған Балауса Саримоваға автокөлік кілтін табыстады. Ол — Іле ауданындағы №40 мектептің физика пәнінің мұғалімі.

Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев білім беру жүйесін дамытуға, рухани, адамгершілік тәлім-тәрбие беруге үлес қосқан бірқатар ұстаздарды алғыс хатпен, құрмет грамотасымен марапаттады.

«Соңғы 3 жылда педагогтардың жалақысы 75 пайыз көтерілді, келер жылдың қаңтарында тағы 25 пайызға артады. Бесінші жыл қатарынан жаңа форматта біліктілік деңгейін растаған педагогтардың жалақысы 30-50  пайыз артып, қазіргі кезде облысымыздағы 31 193 ұстаздың 9331-і модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санатында. Магистр-педагогтарға  10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленеді», — деді ол өз сөзінде.

Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

Алматы облысы әкімінің:

Құрмет грамотасымен 22 ұстаз;

Алғыс хатымен 33 педагог марапатталды.

Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатына ие болғандар:

Наурызбай Артанов — Қарасай ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Зарина Артықбаева — Іле ауданындағы №28 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Министрліктің Құрмет грамотасын алғандар:

Гүлжихан Иманхатова —  «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары;

Гүлзат Ержанова — Қонаев қаласындағы Мектепке дейінгі шағын орталығымен орта мектеп-гимназиясының директоры.

Сондай-ақ аталған министрліктің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі 4 ұстазға, «Еңбек ардагері» медалі 3 мұғалімге табыс етілді.

Бұдан бөлек, облыста өткен кәсіби байқаулардың бірнеше номинациясы бойынша жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты рәсімнен соң облыс әкімі ұстаздарды құттықтап, олардың білім беру саласында сіңірген еңбегі мол екенін атап өтті.

Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

1 of 24
- +

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz