Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл басынан бері 14 адам Алматы және Жетісу облыстарында суға батып кетті

Жазатайым оқиғалардың тең жартысы жазғы шомылу маусымында болған қайғылы жағдайлар, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.06.2022
Жаңалықтар

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Алматы және Жетісу облыстарының су айдындарында 14 адам суға батып кеткен, олардың үшеуі бала.

Мәселен, адамдардың суға кетуіне байланысты соңғы дерек демалыс күні Қапшағай су қоймасында болды. Сынап бағанасы 40 градусқа дейін жеткен аптап ыстықта аяқ астынан толқын көтеріліп, тілсіз жау шомылуға арналмаған жерде суға түсіп жүрген 4 адамның өмірін жалмап кетті.

«Демалушыларға арнайы жасақталған орындарда ғана суға түсу керектігін ескертеміз. Жүзе алмайтын адамдар белден аспайтын, таяз жерде шомылуы тиіс. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Ішімдік ішуге, толқын көтеріліп, дауылды ескерту жарияланған кезде суға түсуге болмайды», – дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Айта кетейік, өңірде шомылуға рұқсат етілген 257 орын бар. Олардың 7-і Қонаев қаласында орналасқан жағажай және 140 жеке демалыс аймағы.  Олар құтқару мұнараларымен, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдармен жабдықталған

Тегтер: ҚапшағайҚонаевТЖД

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz