Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін әнші сотталды

Музыкалық топтың солисті есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29.09.2022
Жаңалықтар

Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасымен көлік жүргізу куәлігінен айырыла тұра, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Ә. Мұратқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталды.

«Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың қыркүйек айында Ә. Мұрат есімді азамат мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқанда елордалық полиция қызметкерлері ұстаған. Сол кезде сот шешімімен 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Алайда, биылғы жылдың 6 тамызында Ә. Мұрат есімді азамат тағы да мас күйінде көлік тізгініне отырған. Медициналық тексеру кезінде оның есірткіге мас екендігі анықталды. Сол күні Мұрат мырзаның үстінен қылмыстық іс қозғалды және қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

28 қыркүйек Бостандық сотының үкімімен Ә. Мұрат ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі бас бостандығынан айыру орындарында өтейтін болады.

«Естеріңізге сала кетейін, жыл басынан бері сот үкімдерімен 95 адам көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған», — деді Шәріпов.

Осы ретте, Алматы қалалық ПД, азаматтарды заң бұзбауға шақырып, мұндай құқықтан айырыла тұра, көлік құралын мас күйінде жүргізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын тағы да ескертеді.

Тегтер: Есірткіқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz