Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда тау бөктерінде салынып жатқан үйлердің құрылысы тоқтатылды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Каменское плато» обсерваториясының аумағында алма ағаштары оталып, орнына заңсыз салынып жатқан құрылыс туралы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

29.09.2022
Аймақ

Медеу ауданының тұрғыны әкімнен заңсыз салынып жатқан құрылысқа тыйым салуын сұрады.

«2014 жылы «Каменское плато» аймағындағы Ж1-ге заңсыз берілген соны Р1-ге қайтару қажет. Осы уақыт ішінде құрылыс салушы көптеген гектар алма бағын кесіп тастады, көшкін жүрді. Қазір заңсыз құрылыс жүріп жатыр, жеке тұрғын үйдің орнына көп пәтерлі тұрғын үйлер салына бастады. Бұл аумақта су да, кәріз де жоқ. Сізден көмек сұраймыз», — деді тұрғындар.

Қала әкімі аталған мекенжайдағы алма бақтарын кесу жағдайы бойынша қалалық прокуратура экология және қоршаған ортаны қорғау департаментімен бірлесіп жұмыстар жүргізгенін жеткізді. Заңсыз құрылыстың тоқтатылғанын айтты.

«Көптеген жоба бойынша біз құрылысты тоқтаттық, процестерді аяқтау үшін сотқа тиісті шағымдар мен арыздар бердік. Бұл 2014 жылы Алматы облысы Талғар ауданынан қалаға жаңа аумақтар қосылған кезде болған. Дәл осындай жағдай басқа аудандарда да бар, олар Р1-ден Ж1-ге ауыстырылған. Жеке үйлерге рұқсаты жоқ сол заңсыз құрылысты тоқтаттық. Оны бастапқы аумаққа қайтару оңай емес. Сол жылдары берілген жер телімдерінің саны мыңдаған», — деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ әкім көшкін қаупі жоғары аймақтарға қосымша зерттеу жүргізілетінін айтты. Жұмыс ерекше бақылауда.

Еске салсақ, Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынған болатын.

Тегтер: құрылыстау бөктері

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz