«Әрбір қазақстандық ардагердің ұлы ерлігін құрметтеп, есте сақтауы тиіс. Бізге бейбіт аспан сыйлаған адамдардың есімдерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Қарт адамдарға қамқорлық жасау – ортақ парызымыз. Оларды қолдау әрқашан полиция мен құқық қорғау әскерлері әскери қызметшілерінің назарында болады. Бүгінде біздің азаматтарымыз қызметтерін алаңсыз орындап, жеткен жетістіктері үшін шын қуана алады, болашаққа жоспар құра алады. Мұның бәрі, Жеңіс батырлары, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында», — деді ардагерге Ақпараттық-насихаттау тобының жетекшісі, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов.
Ардагерге Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хаттары, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды.
Оксана Бетебаева 1920 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Украина КСР Полтава облысының тумасы, жеті жылдық мектептен кейін медициналық училищеге түсіп, оны бітіргеннен кейін Петрово-Роменск аудандық ауруханасында медбике болып жұмыс істеді. 1941 жылы шілдеде 20 жасында Оксана Демидовна әскерге шақырылып, Полтава қаласының №1668 әскери госпиталінде қызмет етті. ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, Жуков медалі және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Соғыс жылдарында ол жарақат алған офицер Бекежан Бетебаевпен кездесті. Кейін оған үйленді. Фашистік Германияны жеңгеннен кейін жас жұп Қазақстанға келді. Офицер әйелімен бірге Жаркент қаласына қызмет етуге жіберілді, онда Оксана Демидовна мамандығы бойынша жұмысын жалғастырды. Кейін отбасы қазіргі Қонаев қаласына көшті. Оксана Демидовна Қонаевта туыстарымен бірге тұрады, ол – қала тұрғындарының тірі аңызы мен мақтанышы.