Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР Президенттігіне әзірге ешкім кандидатурасын ұсынған жоқ

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ведомствода өткен брифингте 26 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР Президентіне кандидаттар әлі тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

26.09.2022
Жаңалықтар

Президенттікке кандидаттарды ұсыну рәсімі 23 қыркүйекте басталды. ҚР Президентін кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді.

«Әлі ешкім кандидатурасын ұсынған жоқ, қоғамдық бірлестіктердің ешқайсысы әлі съезі мен конференцияларын өткізген жоқ», — дейді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Парламенттік партиялардың өкілдері әлі күнге дейін неліктен кандидат ұсынбағандарын түсіндірді.

«Үміткерді ұсынбас бұрын, біз съезд өткізуіміз керек, бірақ, партиямыздың басшысы атап өткендей, қазіргі Президент өз кандидатурасын ұсынса, біз оны қолдаймыз», — деді «Қазақстан халық партиясының» өкілі.

«Ауыл» партиясының өкілі де осы сұрақ жөнінде пікірін білдірді.

«Президенттікке кандидат ұсыну партияның жоғары органы – съездің құзырында. Съезд әлі өткен жоқ. Бұл кезектен тыс съезд болуы керек болғандықтан, бір-екі күнде барлығын жасау мүмкін емес, біраз дайындықты қажет етеді. Съезд қашан өтетінін хабарлаймыз. Президиум съезд өтетіні туралы хабарлайды. Президиум әлі өткен жоқ, осы аптада өтуі керек. Бұл съезде тек Президенттікке кандидат ұсыну мәселесі ғана емес, сайлауға қатысу және қатыспау мәселесі де талқыланады», — деді «Ауыл» партиясының өкілі.

Тегтер: ҚазақстанПрезидентсайлау

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz