Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Кәсіпкерлер үстеме ақы қойып отыр» – Әлихан Смайылов қантпен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

Килограмм бағасы 480-490 теңге болуы тиіс

26.06.2022
Жаңалықтар
Ақорда баспасөз қызметі

Ақорда баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазіргі ахуал және бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев баяндады.

Жыл басынан бері баға 17,1%-ға өскен. Атап айтқанда, пияз, қырыққабат, қант, картоп, сәбіз, қарақұмық бағасы ең көп көтерілген.

Өңірлер бойынша баға Жамбыл және Маңғыстау облыстарында 18,7%-ға, Алматы облысында 18,6%-ға, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 18,5%-ға және Шымкент қаласында 18%-ға өскен, бұл – өңірлер бойынша бағаның ең көп көтерілуі.

Ұсынылған шаралар ретінде Ержан Қазанбаев сауда үстемесін арттыру фактілерін анықтау және заңнамада көзделген шараларды қабылдау үшін монополияға қарсы органдар мен ЖАО-ға электрондық шот-фактуралардың деректерін жіберуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығын әзірлеуді ұсынды.

Ақорда баспасөз қызметі

Өз кезегінде Әлихан Смайылов 15 пайыздық сауда үстемесін, әсіресе үй жанындағы дүкендердегі бақылау жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Ауылшаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қант қоры 100 мың тоннадан асады, ал айына тұтыну 59 мың тоннаны құрайды. Бұл – жеткілікті мөлшер. Бірақ үй жанындағы дүкендерде қант 700-800 теңгеден сатылады. Бұл – сұранысты пайдаланып, үстеме ақы қойып отырған жеке тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Жалпы қанттың орташа бағасы шамамен 480-490 теңге/кг болуы тиіс. Мұны ретке келтіру керек», — деп тапсырды Үкімет басшысы.

Тегтер: қантНұр-Сұлтан
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz