Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертінде ерекше жағдай болды

Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

24.09.2022
Жаңалықтар

«Бұл концертті осындағы ағайынға, жерлестеріме алғаш беріп отырмын. Ол тіпті мен үшін емтихан десем де болады. Сонымен қатар сіздердің көңілдеріңізден шығып, баталарыңызды алу үшін алғаш рет осында келіп тұрмыз. Жалпы мен 15 жасымда дәл осындай лық толы стадионда халықпен бірге ән орындасам деп армандайтын едім. Сол арманым сіздердің арқаларыңызда орындалып жатыр», — деді әнші концерт алдында.

Концертте Димаш Құдайберген бұрыннан айтып жүрген әндерімен қатар, жаңа туындыларды да орындады.

Бірнеше бөлімнен тұратын шоу тосын-сыйларға толы.

Мәселен, Димаш бұл кеште өзінің туған інісі — Әбілмансұр Құдайбергеннің заманауи стильде жазылған авторлық туындысын тұңғыш рет тыңдарманның алдында тұсауын кессе, жас музыкант Әбілмансұр да композитор Ренат Гайсиннің туындысын музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен үлкен сахнада орындап берді.

Қазақ баласының Алматыдағы кешіне әлемнің 70-ке жуық елінен фанаттары арнайы келген. Олар сүйікті кумирін қолдау мақсатында стадионда 10 мыңға жуық түрлі-түсті шамдар жағып, кеш иесі мен концертке келген көпшілікке ерекше атмосфера сыйлады.

Концертте халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнерлерін ортаға салды.

Шоуға жиналған халық Димашпен бірлесе әндер орындады. Концертте сондай-ақ қобыз, домбыраның тарихынан сыр шертетін бейне роликтер көрсетілді. Шоу барысында Димашты өзінің бэнд-тобы сүйемелдеді.

Жалпы концерт аншлагпен өтті.

Тегтер: Димашконцерт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz