Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дубайда демалып жүріп қайтыс болған қазақстандықтың сүйегін туыстары елге жеткізе алмай отыр

БАӘ көз жұмған отандасымыздың денесі сегіз күннен бері жат елдің мәйітханасында жатыр. Дубайға демалуға кетіп демі үзілген 76 жастағы Абдулла Берлібекұлын туыстары жер қойнына тапсыра алмай жүр, деп хабарлайды Alataunews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

23.09.2022
Жаңалықтар

Мәйіттің дер кезінде елге келмеуіне сақтандыру компаниясының салғырттығы себеп дейді олар. Дубайға жұбайымен демалуға кеткен 76 жастағы қарияның кенет жүрек талмасы ұстап жағдайы нашарлаған. Алайда отандасымыздың өмірін ақ халаттылар арашалай алмапты. Ал марқұмның денесін ағайын-туысы сарыла күтіп жүр.

«Денесін әкеле алмай отырмыз. Өте қиын жағдай. Уақыт болды, жерлеу керек, бірақ жерлей алмай жүрміз. Бар шағымымыз – сақтандыру компаниясы «Номадқа». Жұмысы дұрыс емес. Турға, сақтандыруға ақша төленген. Дубайда арнайы агенттер бар. Солар бар жұмысты істеуі керек. Туыстары барлық жақтан келіп күтіп отыр», — дейді марқұмның туысы Тұяқбай Қантанов.

Теңіз жағасындағы бес күндік демалыстың ақысына медициналық сақтандыру да кірген. Демек сақтандыру компаниясы өзге мемлекетте қайтыс болған туристі еліне жеткізіп, бар шығынды мойнына алуға тиіс. Бірақ бұл шаруа сағызша созылды дейді марқұмның ет жақындары.

Сақтандыру компаниясының өкілдері болса жауаптан қашпаймыз деп отыр. Олар: «Мүрдені елге әкелеміз, бірақ қай күні екенін айта алмаймыз» деп, қысқа қайырды.

«Сақтандыру компаниясы бар шығынды өтейді. Бірақ туристі елге жеткізу оңай шаруа емес. БАӘ толтыратын құжат көп. Аурухана, полицияға анықтама өткізу керек. Олар тексереді. Барлығы уақыт алады. Құжаттар дайын болған соң консул қол қойып, мәйіт елге жеткізіледі. Репатриация жұмысы нақты қашан аяқталатынын айту қиын. Біз жеделдету үшін барымызды саламыз», — деді Nomad Insurance сақтандыру компаниясының департамент директоры Мұрат Әлібеков.

Алайда Абдулла Берлібекұлының туыстары компания басшыларына сенуден қалған. Жақынын жер қойнына тапсыра алмай қиналған олар енді Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрамақ.

Тегтер: ДубайҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz