Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Димаштың концерті көрермен көптігімен рекорд орнатуы мүмкін

Әншінің жеке ән кешіне арналған билеттердің 90%, яғни 21 мыңнан астам билет сатылып кеткен. Ол тек концерт өтетін Орталық стадиондағы негізгі орын ғана. Одан бөлек фанаттар аймағында, яғни сахна алдында тағы 10 мыңға жуық көрермен концертті тамашалай алады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

22.09.2022
Жаңалықтар

«Билеттің бағасы 8-10 мың теңгеден басталып, сахнаға жақын орындардың құны 40 мың теңгеге дейін жетті. Қазір фан-аймақта 10 мың теңгелік және қымбат орындардың билеттері ғана бар. Билет сатылымға шыққан күннен бері сатып алушылардың саны артып жатыр», — деді онлайн билет сататын компанияның бас директоры Виктория Торгунакова.

Сатылған билеттердің 5 мыңға жуығын өзге елдің тыңдармандары алған. Щвейцария, Франция, Украина, Қытай, Катар, АҚШ, Бразилия және Аргентина сынды жалпы саны 50 елдің азаматтары концертке билет алыпты. Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйер келіп үлгерген.

«Мен Ұлыбританиядан арнайы келдім. Димаш туралы алғаш ютубтан білдім, жүздескім келді. Кейін бүкіл Еуропадағы концертіне бардым, Дюссельдорфта да болдым. Қазір міне, Алматыға келдім. Қуанышымда шек жоқ», – деді әншінің жанкүйері Триса Нэвиш.

Билеттер 14 шілдеден бастап саудаға шығарылған. Алғашқы екі тәулікте 10 мыңнан аса билет сатылыпты.

«Локдаун аяқталғаннан кейін Дюссельдорфта Димаштың концерті өтті. Кейін Прагада болды. Мен Димаш үшін Қазақстанға келдім. Ол – менің сүйікті әншім. Оны жанкүйерлер клубында көретінімді ойласам, бақыттан басым айналады», – деді Бразилиядан келген Беатрис Александр.

Сырттан келген жанкүйерлердің көптігінен тіпті бірақтар қонақүйлерде қазірдің өзінде бос орын қалмаған.

«Биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы қонақүйлер 38,4% толған. Ол өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 13,7% өсті. Ал Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты қонақүйлердің толуы 80% дейін жетеді», — деді қалалық Туристік ақпараттық орталық директорының орынбасары Бауыржан Пазылхайыр.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті 23 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00-де Орталық стадионда өтеді. Концертте тыңдарман сүйіп тыңдайтын композициялармен қатар, жаңа туындылар да шырқалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара өте ерекше форматта өтпек.

«Біз ауқымды шоу дайындап жатырмыз. Қазір дайындық жұмыстарымен түрлі мемлекеттен келген 200-ден аса маман айналысып жатыр», – деді ұйымдастырушы Екатерина Бажанова.

Димаштың концерті 3 сағатқа созылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланбақ. Ал 24 қыркүйек күні сағат 21:00-де Димаш Құдайберген «Алматы арена» спорт кешенінде жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Оған қатысамын деушілерге есік ашық.

Тегтер: Димашконцертрекорд

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz