Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімі Еуропалық инвестиция банкінің өкілдерімен кездесті

Кездесуде Қонаев қаласының түрлі салалардағы жобасы бойынша екіжақты ынтымақтастық жайлы сөз етілді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

22.09.2022
Сұхбат
Суретті түсірген Мирхат Толкунов

Суретті түсірген Мирхат Толкунов

«Алматы облысы кез келген саланы дамытуға ыңғайлы өңір. Оның ішінде, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, логистика, балық, мал, егін шаруашылығы, балама энергия көзі салалары бар. Айта кетерлігі, аймақта ет экспортынан гөрі балық экспорты жақсы дамып келеді», — деді жиын барысында Марат Сұлтанғазиев.

Суретті түсірген Мирхат Толкунов

Оның айтуынша, Қонаев қаласын IT мамандарының шоғырланған, өнеркәсібі дамыған, таза экологиялық қала ету үшін түрлі жобалар жасалып жатыр. Және тиісті мамандар шетел инвесторларымен үнемі кездесу өткізіп отырады.

«Еуропалық инвестиция банкінің (ЕИБ) күш-жігері 4 салаға бағытталған: инновацияларды қолдау; шағын бизнесті дамыту; климатты қорғау; инфрақұрылым объектілерін құру. ЕИБ мемлекеттік және жеке секторға, оның ішінде инновациялық стартаптарды қаржыландыру үшін кредиттер береді. Шағын және орта бизнеске (ШОБ) әдетте жергілікті банктер арқылы қолдау көрсетіледі. Бұл ретте, орташа көлемді компаниялар ЕИБ-тен ғылыми-зерттеу саласы мен дамуға инвестициялар ретінде тікелей қолдау ала алады. Орта есеппен, ЕИБ несиесі жеке инвесторлар мен мемлекеттік қаржы мекемелерінің қаражатын тартуға жұмыс істеуге мүдделі», — деді ЕИБ-нің мемлекеттік мекемелермен жұмысын дамыту бөлімінің маманы Адам Бруун.

Суретті түсірген Мирхат Толкунов

Адам Бруунның айтуына қарағанда, ЕО Кеңесінің (1999 ж. 22 желтоқсандағы 2000/24/ЕО) шешіміне сәйкес ЕИБ ЕО елдерінде және шетелде, оның ішінде Азияда жобаларды қаржыландыру бойынша кредиттік операцияларды жүргізуге мандатқа ие. Бұл банк 2 жылдан 6 жылға дейінгі жеңілдікті кезеңімен 7 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге несие береді.

«Ірі ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін банкке ЕО бюджетінен кепілдік қажет. Сондықтан ЕИБ операцияларын дамушы елдерге тарату туралы мәселені шешуге ЕО басшылығының саяси шешімі керек. ЕИБ жеңілдетілген орта және ұзақ мерзімді негізде, ең алдымен көлік, инфрақұрылым, энергетика, қоршаған ортаны қорғау саласында жобаның жалпы инвестициялық құнының 50% аспайтын мөлшерде кредиттер бере алады», — деді Адам Бруун өз сөзінде.

ЕИБ-нің жеке секторды қаржыландыруға жауап беретін маманы Жан-Жак Сулакру болса кез келген бастамаға байланысты ортақ шешімге келуге дайын екенін, десе де, туризм саласына қаржы бөле алмайтындарын кесіп айтты.

Кездесу соңында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аймаққа инвестиция құюға ниетті компаниялардың көп екенін атап өтіп, ынтымақтастық екіжақты емес, үшжақты болуы да мүмкін екен жеткізді.

Тегтер: жобаинвестицияҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz