Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласы биылғы жылыту маусымына дайын

Бұл туралы ақпаратпен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы бөлісті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.09.2022
Аймақ

«Өткен жылдағы жылыту маусымы аяқталған соң, жылу жүйесіндегі бірнеше ақаулар анықталды. Және қаланы жылумен қамтамасыз ететін компания өз қаржысына жөндеу жасайтын болып шешілді. Қазіргі таңда қазандықтың 72 жабдығы жөнделіп, қалпына келтірілді. Ал 3 құрылғыға күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде, №5 стансаның бу құбыры түгел ауыстырылды», — дейді бөлім басшысы Дархан Қарағонысов.

ТҮКШ маманының мәліметінше, жылу жүйесінің 890 метріне жеңіл, 2580 метріне күрделі жөндеу жасалды. Қаладағы 1, 3, 4, 5, 18 ш/а-ға тартылған желінің бәрі жаңартылды. Және облыс орталығында барлығы 781 642 шаршы метр ауданды құрайтын тұрғын үйлер мен ғимараттар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ал оны тұтынушылардың саны – 29 мыңға жуық.

«Бүгінде жылу тарататын кәсіпорындағы мазут қоры — 4377,5 тонна. Жоспар бойынша 1 жылыту маусымына 4 727,5 тонна отын қажет. «Petrosun» ЖШС 350 тонна отынды қалаға жеткізіп береді. Серіктестікпен екіжақты келісім-шартқа қол қойылды», — деді Дархан Қарағонысов.

Сондай-ақ бөлім басшысы қаладағы көмір қоры туралы сөз қозғады. Осы маусымға 29 000 тонна қатты отын керек. Облыс орталығында 3 көмір тұйығы бар, бүгінде олардың жалпы қоры — 3 758 тонна.

  • С. Сейфуллин көшесіндегі №58 көмір тұйығында — «Қаражыра» сұрыпты көмірі (1748 тонна) 16 000 теңгеге саудаланып жатыр;
  • Индустриальная к. №9 көмір тұйығы — «Шұбаркөл» көмірі 15 500 теңге;
  • Заречное ауылында — «Шұбаркөл» көмірі (2010 т.) 14 550 тг.
Тегтер: жылыту маусымыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz