Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында 5-сынып оқушысы асылып өлді

Алматы облысы Талғар ауданында 11 жастағы қыз өз үйінде асылып қалған. Оқиға Гүлдала ауылында болған, деп хабарлайды Alataunews.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

21.09.2022
Арнайы жоба

Қайғылы жағдай 16 қыркүйекте болған. 2011 жылы туған Рамина Ирзахунова өз үйінде өлі күйінде табылды. №21 мектеп директоры Қуаныш Айтбаевтың айтуынша, қыздың ата-анасы ажырасып кеткен екен. Ал марқұм нағашы апасы мен ағасының қолында тұрыпты.

«Ата-анасы екі жаққа ажырап кеткен. Әкесі Қайрат ықшам ауданында, ал шешесі Өжетте тұрады. Бұл бала нағашы әжесінің тәрбиесінде жүрген. Нағашы ағасы мен әжесі жұмысқа кеткенде қыз үнемі үйде жалғыз қалатын болған. Мектебімізде қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сол себепті оқушылар қашықтықтан оқып жүр. Марқұм Рамина екінші ауысымда оқиды. Сол күні ол сабаққа қатыспады. Түс мезгілінде онлайн сабаққа шықпаған оқушыны мұғалімдері іздей бастайды. Үйіне барғанда асылып өлгенін естідік. Суық хабар бәрімізді шошытты», — дейді мектеп директоры.

Өз-өзіне қол салған оқушының мәйітін нағашы ағасы тауып, полиция шақыртқан. Тергеушілер қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал мектеп директоры қыздың өліміне Telegram арнасындағы күдікті топтың ықпалы болды ма деп күдіктенеді.

«Біздің түсінгеніміз қыз Telegram-дағы жасырын танысу парақшаларында отырған. Ондағы нөмірлер Ресей, Беларусь елдеріне тиесілі. Бірақ не болғанын әлі білмейміз. Жауабы айтылмады. Полицейлер жіті тексеріп, анықтайтын шығар деп отырмыз», — деді Қуаныш Айтбаев.

Қайғылы оқиғаға қатысты Алматы облысы ПД әзірге нақты жауап бермеген.

Тегтер: оқушыТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz