Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ащыбұлақ ауылында автобус мәселесі жақын арада шешілмейді

Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылының қоғамдық көлік мәселесі әлі шешілетін түрі жоқ. Ауыл әкімі Жасұлан Оңалбаевтың айтуынша, 27 маусым күні облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесті. Басқосу кезінде Марат Сұлтанғазиев бұл мәселені шешуге тапсырма бергенімен, оны орындауға «қол қысқалығы» тосқауыл болып тұр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

20.09.2022
Аймақ
Суретті түсірген Аслан Қажеке

Суретті түсірген Аслан Қажеке

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданға іс-сапармен келген кезде тұрғындар қоғамдық көліктен 2019 жылдан бері таршылық көріп келе жатқандарын айтып, шағымданды. Олардың айтуынша, қазіргі таңда ауылдан қалаға қатынайтын жалғыз автобус бар. Ол «Комсомол-Алматы» бағытындағы №231 қоғамдық көлік. Округке қарасты Көкқайнар және Төле би ауылдарының, жалпы саны 40-қа жуық саяжай аймағының (17 мың адам) халқы таксимен жүруге мәжбүр.

Суретті түсірген Аслан Қажеке

«Бұдан кейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Алматы қалалық мобильділік басқармаларының қатысуымен «ZOOM» арқылы онлайн кездесу өткіздік. 28 шілде күні қалалық мобильділік басқармасына «Алматы II-Сералин көшесі» бағытында жолаушыларды тасымалдайтын №208 автобустың маршрутын өзгертуді, ұзартуды сұрап хат жолдадық. 9 қыркүйек күні аталған басқармадан мәселені шеше алмайтындары туралы жауап хат келді», — дейді ауыл әкімі Жасұлан Оңалбаев.

Хатта жазылған ақпаратқа қарағанда, №231 және №208 автобустардың жүру жолын ұзартқан жағдайда, көліктердің қатынау интервалы артады. Өз кезегінде, бұл жолаушылардың қарсылығын тудырады. Ал интервалдарды қысқарту үшін қосымша автобустар қажет. Тасымалдаушы компанияларда бос автобустардың болмауына байланысты хатта көрсетілген өтінішті орындау — мүмкін емес.

«Бұл бағыттардың қолданыстағы кестесі тұрғындардың өтініштеріне сәйкес бекітілген. Осыған орай, басқарма қоғамдық көліктердің кестесін өзгерту туралы мәселені қарай алмайды. Бос автобустардың болмауына қарай, жаңа маршруттар ашу туралы мәселе де қаралмайды», — делінген басқарма хатында.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан аймақтардағы жолаушылар тасымалымен қалалық мобильділік басқармасы айналысады.

Тегтер: Іле ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz