Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Қарағанды облысында МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

20.09.2022
Арнайы жоба
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Полицияның жазуынша, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жол жүру ережелерін өрескел бұзу оқиғалары азаяр емес, салдарынан Қарағанды облысында соңы адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

«19 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Ақтоғай ауданында Алматы – Екатеринбург тас жолында Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», – делінген полиция мәліметінде.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болған.

«Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – дейді ведомство.

Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.

Тегтер: Жол апатыжүк көлігіҚарағанды

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz