«Аталған мобильді топ облыстық прокуратураның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, жұмыс жасайды. Орта немесе шағын бизнеспен айналысып жүрген кей кәсіпкерлер өз құқықтарын білмей, кімге шағымданарын ұқпай дал болады. Осындай сәтте мобильді топ кәсіпкерлерге қол ұшын созады», — дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Абиров.
Оның айтуынша, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап үш жылға шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге, профилактикалық бақылауға және қадағалауға жарияланған мораторий күшіне енді. Ең алдымен, кез келген кәсіпкер осы заңды білуі тиіс.
«Мемлекеттік немесе Құқық қорғау органдары тарапынан кәсіпкердің құқығын бұзу, оның қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша тәулік бойы мобильді топтың жедел желісіне хабарласуға болады. Егер осындай заң бұзушылықтар тіркелсе, прокуратура мамандары қадағалау шараларын қабылдай отырып, құқықтық баға береді», — деді Мақсат Абиров өз сөзінде.
Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, мамандар кәсіпкерді тексеруге келген болса, мобильді топ дереу сол жерге барады.
Аталған мәселе бойынша Алматы облысы прокуратурасының call-орталығы: +77071777101;
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының жедел желі нөмірі: +77051187274.