Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

19.09.2022
Аймақ

Іле ауданы бойынша 2000-нан астам адам жұмыссыздар қатарына тіркелген. Олардың басты мақсаты тұрақты жұмысқа орналасу. Жәрмеңкеге ауданның 350-ден астам жұмыссыз азаматтары қатысты.

Оның ішінде жастар, мүгедектігі бар жұмыссыз азаматтар, пробация бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айырылу орнынан босатылғандар, алиментке берешегі бар жұмыссыз азаматтар және т.б. санаттағы азаматтар бар. Жәрмеңкеге ауданның 70 жұмыс берушілері 718 бос жұмыс орындарын ұсынды, оның ішінде 30 мекеме жәрмеңкеге тікелей қатысып үлесін қосты.

Жұмыс берушілердің ішінде денсаулық сақтау, білім беру мекемелері: «Ремстройтехника» ЖШС, «Шин Лайн» ЖШС, «Райымбек Агро» ЖШС, «Pure Pak» ЖШС, «Qazaq Glass Company» ЖШС, «Galans Botlers» ЖШС, «Медиатекс -Н» ЖШС, «Green Service» ЖШС, «РСУ -1» ЖШС, «Пивзавод №1» ЖШС, ЖК «Караой», «Paknar» ЖШС, «Первомайские деликатесы» ЖШС, «Берикап Казахстан» ЖШС , «Волковгеология» ЖШС және т.б. жұмыс берушілер жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген азаматтармен тікелей сөйлесіп, жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 85 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, олардың басым бөлігі — жастар. Тұрақты жұмысқа — 78 адам, «Бастау бизнес» жобасымен оқуға — 4 адам сұраныс беріп, жұмыссыздыққа тіркелді, 3 адам жастар практикасына жолдама алды.

Тегтер: жәрмеңкежұмыс орындарыІле ауданы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz