Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: лифт жасау өндірісі дамиды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Оңтүстік Кореядан келген бір топ делегациямен кездесті. «Ofe Elevators» компаниясының өкілдері облыс аумағында «жеделсаты өнеркәсібін дамыту» жобасын іске асыруға мүдделі екендерін айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

16.09.2022
Аймақ

Аталған жоба Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «Даму үшін ресми көмек беру» бағдарламасы (Oda – Official Development Assistance) бойынша жүзеге асырылады. Және жобаның ресми атауы – «Қазақстанның лифт өнеркәсібіне арналған R&D паркі».

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 of 14
- +

«Ofe Elevators» компаниясының президенті Ham Young Cher (Хам Ен-Чхер) айтуынша, «R&D» лифт орталығы бірнеше мақсатта салынады:
1. Өндірістің қазақстандық әлеуетін нығайту және лифт өнеркәсібін дамыту;
2. Сапалы кореялық-қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға бірлесіп шығару;
3. Лифтілер мен оны құраушы жиынтықтардың қауіпсіздігін сынаудың қазақстандық жүйесін жетілдіру.

«Қонаев қаласында парк салу үшін Кореяның озық мамандары жоба әзірледі. Оның ішінде, Кённам технопаркі, кореялық жеделсаты университеті, электрлі және электронды құрылғыларды жасайтын университеті бар», — деді Хам Ен-Чхер өз сөзінде.

Компания президентінің сөзіне сүйенсек, бизнестің орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарына R&D Лифт орталығының құрылысы және ауданы 3300 м2 болатын ғылыми-зерттеу орталығы (R&D) кіреді. Сондай-ақ биіктігі 60 м болатын 4 шахта мұнарасының құрылысы, қауіпсіздік компоненттерін сынау орталығын құру жоспарланған.

«Біз Қазақстан нарығы тек Орталық Азия елдеріне ғана емес, Еуропа нарығына да қанат жаяды деп ойлаймыз. «Ofe Elevators» компаниясы «Қазақстанда жасалған» маркасын дамыту үшін аянып қалмайды», — деді компания президенті.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл жоба болашақ инновациялық жобалардың іргетасы болатынын атап өтті.

«Облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетіні сөзсіз. Инвесторлармен тікелей байланысты облыс әкімінің кеңесшісі Самат Ахилбеков жүзеге асырады», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, жоба құны 30 миллионнан аса АҚШ доллары тұрады. Ол 2023-2028 ж. аралығында іске асырылмақ.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz