Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Құны 84 млн теңге болатын алтынды шетелге алып өтпек болғандар ұсталды

Алматы әуежайында 3 келіден астам алтынды шетелге заңсыз алып өтпекші болғандар қолға түсті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.09.2022
Арнайы жоба

Күдіктілер бағалы металды Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткізуді көздеген. Алайда Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік жөніндегі бөлімшелері заңсыздыққа жол бермеді.

Олар мемлекеттік бақылауды айналып өтіп, көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара берген. Алматы халықаралық әуежайында Көліктегі полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы «сәлемдемені» алып өтуі үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру кезінде Қазақстан азаматы қолға түсті. Жеке тексеру барысында одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды. Ол күдіктінің сыбайласы бола отырып, алтынды әуе арқылы Дубайға жеткізуі керек болған. Оның сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 кг 200 гр. болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 млн теңгеден асады.

Ашық дереккөзден

Тегтер: заңсыз әрекет

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz