Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Асан Дарбаев: «Қонаев су арнасы» кәсіпорнына 169 млн теңгеден астам инвестиция бөлінді

Мұны Қонаев қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

16.09.2022
Жаңалықтар

«Бүгінгі таңда «Қонаев су арнасы» жалпы сомасы 169 млн 436 мың теңгеге бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бес жылдық инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді», — деді Асан Дарбаев өз сөзінде.

Ашық дереккөзден

Оның айтуынша, 2022-2025 жылдарға арналған инвестициялық салымдар мынадай іс-шараларды орындауды көздейді:

  • 2022 жылы — техника, жабдықтар сатып алу жоспарланған;
  • 2023 жылы — техника, жабдықтар сатып алу (газель, автоцистерна, электродты кассеталар);
  • 2024 жылы — жабдықтарды сатып алу (трансформаторлар, электрондық кассеталар, ысырмалар);
  • 2025 жылы — техниканы, жабдықты сатып алу (манипулятор, электродты кассеталар).

«2021-2022 жылдары инвестиция 32,7 млн. теңге сомасына игерілді. Инвестициялық бағдарлама трансформаторды, қысымды кәріз учаскесін ауыстыру жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ желілердің табиғи тозуын және авариялық жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік беретін негізгі құралдарды сатып алуды қамтиды», — деді «Қонаев су арнасы» МКК-ның директоры Мәди Темиралиев.

Ашық дереккөзден

Сондай-ақ Мәди Темиралиев 2022 жылы сүзгі станциясы мен кәріздік сорғы станцияларында жөндеу жұмыстарының орындалуы және 2021 жылы орындалған жұмыстар туралы айтып берді.

Ашық дереккөзден
Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz