Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді, ал оның нәтижесі келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Яғни, пациент (сол емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) өзге емханадан медициналық көмекті келесі жылдың басынан бастап алады.
Өзге емханаға тіркелген кезде, бұрынғысынан автоматты түрде есептен шығарылады.
Еске сала кетейік, тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Оны жылына бір мәрте еркін таңдау құқығы бойынша жасауға болады.
Қосымша ақпараттарды fms.kz сайтынан, 1406 мобильдік қосымша Qoldau 24/7 Телеграм-бот SaqtandyryBot алуға болады.