«Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оның сабаққа бару кестесі 9:00-14:00-ге дейін. Оқиға сабақтан тыс уақытта орын алған. Қазір мамандар жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Жәбір көрген оқушы өзінің үйінде және мектеп психологтарының бақылауында», — деді адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары.
Кәмелетке толмаған баланың анасы Сарыағаш АПБ-ға 12 қыркүйек күні арызданған. Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған.
«Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, жас жігітті ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — дейді Түркістан облысының полиция басқармасы.
Айта кетейік, бұл жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді.