Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мүгедектігі бар азаматтарға арнайы тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Талдықорған қаласындағы «Teṅ qoḡam» қолдау орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап арнайы тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

13.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Жәрмеңкеде техникалық оңалту құралдары, атап айтқанда арба, протезді-ортопедиялық құрылғылар, жөргектер және өзге де қажетті тауарды сатып алуға немесе әлеуметтік портал арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік болды.

Бұл шараға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат, әлеуметтік қызмет порталындағы өнім берушілер қатысып, түрлі мекемелердің тауарларымен  танысты.

Атап айтқанда, Талғар қаласынан «Medicare international» ЖШС протезді ортопедия орталығы, Алматы қаласынан «Республикалық протезді ортопедиялық орталық» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласынан «Dosortopedia» ортопедиялық тауар дүкенінің өкілдері, «Еvony Joli» жөргегі, «Molfix» балалар жөргегін сататын «Көктем» ЖШС, «Асар» фитнес орталығы және «Gulsar» ЖК өкілдері қатысып, өз тауарлары мен қызметтерін ұсынды.

Мұндай бағыттағы жәрмеңке республика және өңір көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін өздеріне қажетті заттарды әлеуметтік портал арқылы тек компьютерден көріп сатып алу мүмкіндігі ғана болған. Жәрмеңке арқылы мүгедектігі бар жандар тауарларды көріп, таңдап, әрі сапасын бағалауға мүмкіндік алды.

Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жергілікті атқарушы билік органдары, өнім берушілер мен мүгедектігі бар азаматтармен екі жақты байланысты нығайту. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Тегтер: жәрмеңкеЖетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz