Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндалды.

23.06.2022
Саясат
Ақорда баспасөз қызметі

Ақорда баспасөз қызметі

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, ауылшаруашылығы мен өңдеу секторын дамытуға баса мән беріледі. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі, минералды шикізатты өндіру және өңдеу саласында құны 730,3 миллиард теңге болатын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба аясында 3440 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі Президентке өңір экономикасын дамыту үшін туризм саласының мол әлеуеті бар екенін айтты. Бүгінде Алакөл көлінің жағалауындағы инфрақұрылымдарды дамытуға, Балқаш көлі бағытындағы жол құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Президент облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру маңызды екеніне назар аударды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өңірдегі суармалы алқаптарды ұлғайтуға бағытталған ирригация жүйелерін жаңарту, қолжетімді баспана құрылысының көлемін арттыру, жолдарды жөндеу, облыстағы елді мекендерді газбен қамту, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту, педагогтар мен дәрігерлердің тапшылығын жою сияқты бірқатар өзекті мәселені шешу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевқа азаматтардың түйткілді проблемаларын шешу және Жетісу облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Өңір басшысының Президент қабылдауынан кейін сөйлеген сөзін мына жерден көре аласыздар: http://t.me/bort_01

 

Тегтер: Жетісу облысыҚасым-Жомарт Тоқаев
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz