Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жетісу облысы: Алакөл ауданындағы өртпен күрес жалғасып жатыр

Алакөл ауданы «Достық» станциясына жақын маңдағы өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

12.09.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Сурет облыстық ТЖД

Сурет облыстық ТЖД

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, осы уақытқа дейін таулы аймақтағы «Кендір Сақал» учаскесіне тік ұшақтармен 84 тонна су төгілді.

«Аталған аймақтағы өрт 8 қыркүйекте басталды. Кеше таңертең өрт ошақтарын анықтау үшін МИ-171 тікұшағымен комиссиялық бақылау жүргізілді. Шамамен 70 гектар аумақта 10 жердің бықсып жатқаны анықталды», — делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз мәліметінде.

Ресми мәліметке сүйенсек, өртті сөндіруге 232 адам, 2 тікұшақ, 26 техника, 60 аспалы бүріккіш және 11 жылқы жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, өрт сөндірушілер Үйгентас орман шаруашылығына тиесілі «Қаралы» аумағындағы тілсіз жаумен күресіп жатыр. Өрттің аумағы 100 гектарды қамтыды.

Айта кетейік, 8 қыркүйектен 9 қыркүйекке қараған түні «Кендір Сақалдағы» өрт ҚХР жеріне өтті. Тілсіз жау Қытай өрт сөндірушілерінің көмегімен ауыздықталды.

Тегтер: Жетісу облысыоқиғаөрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz