Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдетуге келісті

Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдету, бизнес жүргізу шығындарын азайтуды көздейтін меморандумға қол қойды.

10.09.2022
Қоғам

Қырғыз Республикасына жұмыс сапары барысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиевпен кездесті, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

Сапар аясында вице-премьер Қазақстан-Қырғызстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты.

Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасы Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстанның статистикасы бойынша Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-маусымда 495,7 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ке артық, оның ішінде экспорт – 303,3 млн доллар, импорт – 192,3 млн доллар», – деді Серік Жұманғарин.

 

Тараптар өзара сауданы ұлғайту мақсатында Қырғыз Республикасынан Қазақстанға ерте піскен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді жүзеге асыру туралы уағдаласты.

Сондай-ақ Қазақстан сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Соның аясында тараптар сауда рәсімдерін жеңілдетуге, бизнес жүргізу шығындарын азайтуға келісті және елдер арасында электронды құжаттармен өзара алмасудағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Бұдан басқа, екі елдің вице-премьерлері «Қарасу» және «Ақ-тілек» автожол өткізу пунктері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің іске асырылу барысымен танысты.

Тараптар ИСЛК қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімге қол қоюды 2022 жылғы қазанға дейін пысықтауға уағдаласты.

Тегтер: Қырғызстансаудаэкономика

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz