Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Абай облысында қызмет кезінде өрт сөндіруші қайтыс болды

Өңірде қызметтік борышын өтеу барысында өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

08.09.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Бұл жайында ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Жарма ауданында құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жаумен күресу үшін оқиға орнына Әуезов кентінен №22 өрт сөндіруші жасағы келді.

Өртеніп жатқан аумаққа келген құтқарушылар көлік цистернасын су тасығыш көліктегі сумен толтыра бастаған. Жел бағытының өзгеру әсерінен өрт цистернаға қарай беттеген. Екі метрлі қарағайларды жалын шарпығаннан көлікті эвакуациялау мүмкін болмаған.

Құтқарушылар жедел эвакуацияға кіріскенімен, цистерна мен су таситын көлік түгі қалмай жанып кетті. Бөлім командирі Амангелді Тұрлыбековтың, жасақтың көлік жүргізушісі Айдос Тоғызбаевтың, құтқарушы Сәлімжан Нұрланның денесін түрлі деңгейдегі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, жарақат алған Айдос ауруханада көз жұмды. Оның жасы 36-да, артында әйелі мен 5 баласы қалды. Төтенше жағдай министрлігі оның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, өрт аумағы 500 гектарды құрады, өрт 8 қыркүйекте сағат 5:40-та сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Тегтер: оқиғаөрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz