Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Си Цзиньпин мен Владимир Путин Қазақстанға келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

08.09.2022
Жаңалықтар

Екі елдің көшбасшылары келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісімдер жасау жоспарланып отыр. Айбек Смадияров атап өткендей, бұл ҚХР басшысының пандемия басталғаннан бергі алғашқы шетелдік сапары. Си Цзиньпин 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Қытайдан сыртқа шықпады.

Қытай басшысының күзде Қазақстанға сапарлайтыны биыл жаздың басында белгілі болды. 7 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдап, күзгі сапар сол кезде хабарланған. Жапондық БАҚ Си Цзиньпиннің пандемияға байланысты Владимир Путиннің Ресейге шақыртуынан бас тартқанын жазды. Кремль мұны жоққа шығарды, ҚХР Төрағасы коронавирустық шектеулер жойылғаннан кейін Ресейге бара алады деп мәлімдеді.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға қазан айында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысу үшін келеді. Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты.

«Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңеске Президентіміздің қатысуы қаралып жатыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өткізіледі. Бұл қазан айының ортасына дәлірек айтсақ, 12-14 қазанға келеді», — деді Ушаков журналистерге.

Тегтер: Владимир ПутинСи Цзиньпин

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz