Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанай облысындағы өрттен жергілікті бизнеске 200 млн теңгеден аса шығын келді

Тілсіз жау әкелген шығынның көлемі туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

07.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Бүлінген бизнес нысандарының саны – 18, оның ішінде Әулиекөл ауданында — 17, Қарасу ауданында – 1. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жабдықтарынан 1 комбайн, 1 трактор жанып кеткен. 12 кәсіпкердің айтуынша, олардың мүліктік залалының сомасы 200 млн-нан асады, тағы 6 нысанның залал сомасы анықталып жатыр», — деп хабарлады Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте ӨКП директоры Данияр Күзенбаев.

Дәмхана, ТҚКС, сауда және ауылшаруашылық тауар өндірушілері сияқты шағын бизнес өкілдері зардап шеккен.

«Біз қаржы мекемелерінің басшыларымен қарыздарды есептен шығару мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Банктер қаржы мекемелерінің атына жазылған тиісті хаттарды қарап бастады. Мүлігіне залал келген бизнес субъектілері анықталды, кері байланыс орнатылды, мүлікті тексеру акті әзірленді, нысандарды фото және видеоға түсіріп жатыр. Өрттен зардап шеккендердің толық тізімін, соның ішінде залал сомасы мен несиелік берешекті анықтау үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қоңырау шалу жалғасып жатыр», — деді Данияр Күзенбаев.

Қазақстандық кәсіпкерлер өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін шамамен 200 млн теңге (Kostanay Music Fest — 50 млн теңге және «Агромашхолдинг КЗ» ЖШС Allur зауытымен бірлесіп — 100 млн теңге), сондай-ақ 56 млн теңгеге гуманитарлық көмек жинады.

Тегтер: Қостанайоқиғаөртшығын

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz