Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда жыл басынан бері 2,6 мың отбасы ажырасып кетті

Биыл Алматыда 2608 ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

06.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Спикердің сөзінше, мегаполисте некеге тұрғандар саны артты. Мәселен, жыл басынан бері 19 367 жұп некесін қидырды.

«2022 жылдың 8 айында Алматы қаласында 84 507 азаматтық хал актісі тіркелген. Бұл тізімде 48 200 туу және 12 326 өлім актісі бар. Сонымен қатар, 19 367 неке туралы актісі есептелді. Айта кетерлігі, 2021 жылы дәл осы кезеңде 16 952 адам шаңырақ көтерген. Бірақ ажырасу азайған жоқ, жыл басынан бері 2608 отбасы ажырасып кетті. Былтыр 1870 ерлі-зайыпты некесін бұзған болатын», — дейді Зәуреш Сатхожина.

Мамандардың айтуынша, ажырасудың басты себептерінің бірі — тума-туыстары мен бас қосқан екі адам арасындағы мінез қайшылығы.

«Ажырасудың негізгі себептері – баланың болмауы, жұмыссыздық, баспанасының жоқтығы, ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімдікке салынуы немесе есірткіге тәуелділігі. Бұдан бөлек, көзге шөп салу бар», — деп атап өтті Түрксіб ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Дюсембаева.

Жанна Дюсембаеваның айтуынша, ажырасуға жас жұбайлар ғана емес, егде жастағы адамдар да жүгінеді.

Тегтер: қоғамотбасы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz