Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта қазанға дейін ыстық су өшіріледі

Қонаев қаласында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 10 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталғанға дейін ыстық су беру тоқтатылады. Бұл туралы "ТКШ ЖМ АД және ЖИ бөлімі" ММ-нің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

05.09.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Негізгі қазандық жабдықтары, жылу желілері мен газ беру торабына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жұмыстар 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында жүргізіледі. Сондықтан Қонаев қаласына ыстық су беру тоқтатылады. Қайтадан берілетін күнін нақты айта алмаймыз. Егер кестеге сай жөндеу жұмыстарын жүргізсек, жылыту маусымы басталғанға дейін де ыстық су беруді қалпына келтіреміз. Шамамен, қазан айында ыстық су қосылады», — деді «Қонаев қаласының жылу желілері» ШЖҚ МКК директоры Сейдахмет Даданбеков.

Кәсіпорын әкімшілігі қала тұрғындарынан осы бастан автономды ыстық су көздеріне көшуге дайындықты бастауды сұрайды. Анықтама телефоны: 8-72772-2-65-15.

Ал Қазгидрометтің мәліметі бойынша, қыркүйек айының соңына қарай Алматы облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, екпіні 15-28 м/с дейін қатты жел соғады.

Жалпы, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде температура айдың екінші жартысында түнде +15+23°С-тан +3+10°с-қа дейін түсіп, ауа райы құбылмалы болады деген болжам бар.

Тегтер: Қонаевыстық су

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz