Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Путин: Қазақстан жолбарыстарды Ресейден 2025 жылы қайтара алады

Қазіргі таңда Қазақстан билігі жолбарыстарды Орталық Азияға қайтару жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл үшін Ресейдің қиыр шығыс аймағынан жолбарыстарды әкелу жоспарланған. Жабайы аңның бұл түрі Алматы облысындағы Балқаш маңына жеткізілуі мүмкін, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

05.09.2022
Жаңалықтар

Шығыс экономикалық форумының аясында жолбарысты сақтап қалу бойынша өткізілген жиында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан жабайы жануарды Орталық Азияға 2025 жылы қайтара алатынын айтты.

«Бұл тұрғыдан қазақстандық әріптестердің ресейлік тәжірибеге сүйеніп отырғаны қуантады. Ресейлік мамандар Қазақстанда жолбарыстар 2025 жылы қайтарылатынына сенімді», — деді Путин.

Жабайы аңды Қазақстанға қайтару шарасы WWF-тің қолдауымен және БҰҰ даму жобасы аясында қолға алынды. Аталған жоспар бойынша Алматы облысында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватын құру туралы шешім шығарылды. Мамандардың айтуынша, бұл аймақ жыртқыштың өмір сүруіне қолайлы.

Ғалымдардың пайымдауыншы, Каспий жолбарысының Қазақстан мен Орталық Азиядағы мекендеген жері — Балқаш көлі, Амудария және т.б. өзен бойындағы ну ормандар болған. Су — жолбарыс үшін де тіршілік көзі екені айдан анық. Жыртқыштың теңбіл әрі қоңыр-қаралау түсті болуы —  қоға, қамыс секілді су өсімдектерінің ішінде жасырынуға ыңғайлы. Кей деректерде Қазақстандағы соңғы жолбарыс 1948 жылы жойылған деп көрсетіледі.

Ғалымдар Орталық Азия аумағын мекен еткен жыртқыштың Ресейдегі қиыр шығыс аумағын мекендейтін жолбарыстармен генетикалық тұрғыдан сәйкестігін дәлелдеді. Бұл Қазақстаннан жойылып кеткен популяцияның қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жолбарыстарды азықпен қамтамасыз ету мақсатында «Іле-Балқаш» резерватында қабан, еліктердің санын көбейту үшін шаралар қолға алынды. Сырдария-Түркістан мемлекеттік табиғи паркінен бұқар бұғысы әкеліп жатыр.

Тегтер: Владимир ПутинРесей

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz