Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Нұржан Кеңесұлы Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

05.09.2022
Жаңалықтар

Нұржан Кеңесұлы 1963 жылы туған, білімі жоғары. 1986 жылы Алматы архитектура — құрылыс институтын «Архитектор» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстанның фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастаған.

Әр жылдары «Алматы бас жоспар» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, «Сәулет» шағын сәулет-өндірістік кәсіпорынының сәулетшісі, «ГеоСәулет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, Іле ауданы әкімі аппаратының бас маманы — бас сәулетшісі, Іле ауданы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Текелі қаласының, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың қыркүйек айынан Райымбек ауданының әкімі лауазымында болған.

Тегтер: жаңа лауазымтағайындау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz