ТЖМ – 58 бірлік техника, жеке құрамның 359 адамы, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ (Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 ә/б (Қарағанды қ.); ІІМ-жеке құрамнан 660 адам, 60 бірлік техника; Қорғаныс министрлігі – жеке құрамнан 169 адам, 2 тікұшақ; Орман шаруашылығы – 33 бірлік техника, 86 адам орман күзеті; «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-17 адам, 2 бірлік техника, 1 әуе көлігі кеме; ЖАО – 5 бірлік техника, 20 адам. «ҚТЖ» АҚ – 5 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Аманқарағай, Лесное, Озерное елді мекендерінде өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам), Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинина ауылынан (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды. Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды. ТЖМ жедел желісі ашылды, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 25 қоңырау келіп түсті.
Қостанай облысы ТЖД 2 психологы Әулиекөл ауданының эвакопунктінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Новонеженкада ҚР ТЖМ 52859 ә/б күшімен зардап шеккен халықты қабылдау үшін 9 шатыр ашылды. 10 адам жарақат алды, күйік алды, жеңіл және орташа ауырлықтағы улану (халықтың 5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері), оның ішінде 4 адам орталық аудандық ауруханада, 6 адам тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар 1935 жылы туған ер адамның мәйітін тапты.
3 қыркүйек сағат 16.00-ден бастап Озерное ауылындағы тұрғын үй құрылыстарына (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное а. (1 тұрғын үй), Аманқарағай а. (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар), Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің көшуі тіркелді. Өрт нәтижесінде 108 құрылыс нысаны жойылып, зақымданды. 4 қыркүйектегі «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында температура 28 градусқа, желдің жылдамдығы 9 м/с дейін сақталады. 4 қыркүйек күні сағат 6:50-де Алматы қаласынан Қостанай облысына суағар құрылғылары бар ТЖМ 2 тікұшағы ұшты. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрлігінің суағар құрылғылары бар 3 тікұшақ дайын тұр. Сонымен қатар Елордада Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен гуманитарлық көмек жасақталып жатыр.