Аудан басшысын өңір активіне таныстыру барысында Марат Сұлтанғазиев әкімдік алдында тұрған бірқатар мәселелерді атап өтті.
«Менің өкіміммен, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімімен Алтай Мәшікұлы Досымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Алтай Мәшікұлы мол тәжірбиелі адам, оның үстіне аудан тіршілігімен етене таныс», – деді Марат Елеусізұлы
Сонымен қатар облыс әкімі аудан әкімдігі назар аударуы тиіс шараларға тоқталды.
«Еңбекшіқазақ ауданы аграрлық салаға ден қойған аумақ. Сондықтан, бірінші кезекте алдағы жиын-терім науқанын дұрыс өткізу қажет. Сонымен бірге, ауданға инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыруы керек. Алматы іргесінде орналасқан өңірдің әлеуеті толық пайданылмай келеді», – деп атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын бес мәселеге ден қойып, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
Досымбаев Алтай Мәшікұлы
1962 жылы туған, білімі жоғары. 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «Ауылшаруашылық өнімдерін ұйымдастырушы экономисі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы «Қаратұрық» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары А.Саттаров атындағы кеңшарының жұмысшысы, «Асы», «Алексеевский» кеңшарларының бас экономисі, комитет төрағасы, директорының орынбасары, Еңбекшiқазақ аудандық экономика бөлiмiнің бастығы, «КАСС» ЖШС қаржы саласының директоры, «Ақжол» ЖШС директорының орынбасары, Шелек селолық округiнiң әкiмi, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2011 жылдың қаңтар айынан Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында.