Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда тұңғыш рет сал ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды

Селективті ризотомия деп аталатын ота 18 жастағы жігітке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізілді,деп хабарлайды, Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

02.09.2022
Жаңалықтар

«Күрделі операция 6 сағатқа созылды. Ота барысында біз микроскоп арқылы нейромониторинг жасап отырдық. Нәтижесінде белгілі бір бұлшық еттердің жұмысына жауап беретін жүйке жүйелерінде ақау бары анықталды. Былайша айтқанда, бұлшық еттерді құрсап, пациенттің жүріп-тұруын қиындатқан жүйке талшықтары алынып тасталды», — дейді нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ота жасалған жігіт өз бетінше жүріп-тұрады. Ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

«Кейін пациент реабилитациядан өтуі тиіс. Операция сәтті өтті. Дегенмен, оның нәтижесін күшейту үшін ұзақ уақыт медициналық оңалтудан өту қажет», — дейді маман.

Операцияны орталық клиникалық аурухана нейрохирургі Марат Алматов, №2 қалалық балалар ауруханасы нейрохирургі Азамат Жайылғанов пен невролог-нейрофизиолог Гүлнұр Қасенова жасады.

Тегтер: ота

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Көлсай көлдерінде аттан құлаған туристер құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Алматы облысында инвесторлардың құқығын бұзған 18 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Марат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz