Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының үздік мұғалімі автокөлік алады

Алматы облысының әкімдігі өңірдің мектептеріндегі мұғалім тапшылығын шешу үшін ұстаздарға бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер беріп отыр. Мұғалімдерді ынталандыру үшін байқау өткізіп, сыйлыққа автокөлік береді, деп хабарлайды Alataunews.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

02.09.2022
Жаңалықтар

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, өңірдегі кадр тапшылығы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында шешіліп жатыр. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық елді мекендерге келген педагогтерге әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Қазақстанның барлық өңіріндегідей ауылдық жерлерде тұру және жұмыс істеу үшін қалалардан және басқа ауылдардан келгендерге біржолғы жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алуға және салуға несие беріледі.

Сондай-ақ мұғалімдерді ынталандыру үшін лауазымдық айлықақының 150%-ы мөлшеріндегі қосымша ақыны төленеді. Жаңадан тартылған  тартылған педагогтерді білім беру ұйымдары басшыларының, басшылар орынбасарларының кадрлық резервіне қосып, оларды оқыту ұйымдастырылады.

«Облыс әкімшілігі тарапынан «Мұғалімдер күні» мерексіне орай білім саласының дамуына қосқан үлесі және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі үшін және үздік педагог қызметкерлерге жүлделі орындарға ақшалай сыйлық және бірінші орын иегеріне автокөлік беріледі», – деді Алматы облыстық білім басқармасы.

Бұған қоса, екі жылда бір рет «Жылдың үздік жас мұғалімі» конкурсы өткізіледі. Айта кетейік, бұл байқаудың жүлде қорында Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдамадан өту, орта білім беру мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға жіберу жолдамасы бар.

Тегтер: мұғалімүздік

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz