Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: 1200 орындық мектепте 4600 бала білім алады

Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылының орта мектебі биыл 1200 баланың орнына 4600 оқушы қабылдады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

01.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Мынау сұмдық қой. Немеремді таңғы 6-да өзім таң намазына тұрғанда бірге оятамын. Өйткені, сабағы 7:30-да басталады. Асыл арман, Кемертоған, МТФ, 19-шы шағын ауданнан 4 ауылдан келеді балалар. Развозка деп бір кішкентай автобус беріп қойған. Балалар сыймайды, бірін-бірі басып, таптап, қазір отырмайтын болдық ол автобусқа. Таксилетіп жүрміз», — дейді Қарлығаш Исатайқызы.

Кемертоған орта мектебі 2017 жылы салынып, бірден 2456 оқушы қабылдаған. Аталған білім ошағына жыл сайын 600-ден астам оқушы қосылады.

«Балаларға өте қиын. Бір сыныпта 30 бала. Қандай білім болады бұл? Кружоктарға бару керек, сонда не болады?  Әкімдік бізге мектеп салып берсін, балаларға, мұғалімдерге, ата-аналарға жағдай жасасын билік. Пробка басталады, балалар машинаның астында қалып кетеді ғой мына түрлерімен», — дейді Шынаркүл Манапқызы.

Биыл  бастауыш сыныпқа 614 қабылданып, 22 сынып болды. Оқушы біткен үш ауысыммен білім алады.

«Сыныптың барлығы жабдықталған, мамандар толық. Ол жағынан еш проблема жоқ. Бірақ, аптасына 6 күн үш ауысыммен сабақ беру өте ауыр. Бір сыныпта 28-29 оқушы отыр, парта бәрі жетеді. Десе де, үш ауысымда білім алу балаларға да ауыр. Бірақ, келген оқушыны қабылдамай қоюға заңды түрде хақымыз жоқ», — дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Халида Абдулбариқызы.

Кемертоған мектебінің мәселесін  облыстық білім басқармасы да біліп отыр.

«Жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында «Адвенто» ЖШС-мен жобалық қуаттылығы 2000 орындық мектеп құрылысын жүргізу туралы Қарасай ауданының білім бөлімі, «Қаржы орталығы» АҚ тараптарынан үш жақты келісім жасалды. «Ардис» ЖШС жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі. Мемлекеттік сараптама қорытындысы 2021 жылдың қаңтар айында шығарылды.  2021 жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары басталып, құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына байланысты жоба-сметалық құжаттары қайта қаралып жатыр», — деп мәлімдеді Алматы облыстық білім басқармасы.

Сондай-ақ мектеп салуға кедергі тағы бір мәселе жер учаскелерінің болмауы. Қазіргі таңда Кемертоған ауылының аумағында жекеменшікке өтіп кеткен жер телімдерін қайта сатып алу қарастырылып жатыр. Жер мәселесі шешілген соң, 2000 орындық тағы бір мектеп салу жоспарланып отыр.

Тегтер: Кемертоғаноқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz