Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Теміртауда оқушы мектеп формасына ақша жинау үшін есірткі тасымалдаушысы болып жұмыс істеген

Теміртауда полицейлер 11-сынып оқушысын есірткі заттарын жасырып жатқан жерінен ұстады. Өзінің кімге қызмет етіп жүргенін білмеген жігіт ата-анасына қаржылай көмектесіп, мектеп формасын алуы үшін жұмыс істемек болғанын айтады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

31.08.2022
Қоғам

Оқушыға жұмыс берушілер оған қомақты қаражат ұсына отырып, ешкіммен байланыс орнатпай, тек телефон арқылы жұмыс істейтінін жеткізген. Олар жігітке тек берілген затты белгілі бір орындарға, аулалар мен көшелерге жасырып, кейін суретке түсіріп алуы керек екенін айтқан.

«Жақында мен мектепке дейін ақша табу үшін жазғы жұмыс іздедім. Сосын маған бейтаныс біреу сәлемдемелерді қоғамдық орындарға тығып қою сияқты жұмысты ұсынып, жоғары жалақыға уәде береді. Бұл ретте ол адам сәлемдемелердің қандай болатынын айтпайды. Мен де ақымақ емеспін. Есірткі туралы айтып отырғанын бірден біліп, жұмыс берушіні бұғаттадым. Кейін бұл туралы анама айттым», – деп бөлісті тағы бір оқушы.

Соңғы жылдары жылдам ақша ұсынатын мұндай «табыс көздері» барған сайын көбейіп келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда есірткі таратуға қатысты 1606 сайт, аккаунт және басқа да ресурстар бұғатталған. Бұл ретте есірткіні заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76-қылмыстық іс, интернет арқылы сату бойынша 153-қылмыстық іс тіркелген.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Данияр Оралов есірткі сатуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелері бар 4160 граффити суреті жойылғанын айтты.

Тегтер: ЕсірткіоқушыТеміртау

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz