Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президенттің дарынды оқушылар мен жалпы білім беру саласын қолдау туралы тапсырмалары орындалды

2021 жылғы қыркүйек және 2022 жылғы наурыздағы Президент Жолдауынан кейін ел өмірінде қандай өзгерістер болғаны туралы Үкіметтің ресми сайты шолу дайындады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

31.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде адами капиталды дамыту қажеттігіне, соның ішінде білім беру саласын нығайтуға үнемі назар аударып келеді.

Мәселен, былтырғы Президент Жолдауын іске асыру аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізілді. Енді олар конкурсқа қатыспай-ақ, жоғары оқу орнына түсу үшін грант ала алады (жыл сайын 16 негізгі бағыт бойынша 80 жүлдегер).

Сонымен қатар халықаралық пәндік олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға енді біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Мысалы, алтын медаль иегері 1 500 АЕК (шамамен 4,5 млн теңге) мөлшерінде, ал оны дайындаған педагог базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшерінде төлем алады.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1 000 жаңа мектеп салу жұмыстары басталды, бұл апаттық және үш ауысыммен оқытатын мектептерді жоюға, сондай-ақ жалпы оқушы орындарының жетіспеушілігін жоюға көмектеседі.

Мәселен, өткен жылы 163 мың балаға арналған 277 мектеп салынды, ал 2022 жылы тағы 225 мектепті іске қосу жоспарланған, оның ішінде 22,2 мың оқушыға арналған 49 мектеп салынды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыоқушы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz