Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жаңа форматтағы мектеп салынды, елімізде мұндай білім ошағы екеу ғана

Білім күні қарсаңында Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Көкдала ауылында 110 оқушыға арналған жаңа форматтағы модульді мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

31.08.2022
Жаңалықтар

Модульді мектеп төрт айдың ішінде салынған. Оның жалпы аумағы 1561,09 шаршы метр. Мектепте 14 кабинет, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, коворкинг-аймақтар, ойын алаңдары бар және сапалы оқыту үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. Химия және информатика, зертханалық сыныптары жаңа жабдықтармен толықтырылған. Ғимараттың ішкі дизайны елордалық BINOM мекемелеріне ұқсайды. Мектеп жер сілкінісі мен түрлі апаттық жағдайларға төзімді. Мұндай жобалар ТМД-да көп емес. Қазақстанда екеу бар. Біреуі Ақмола облысында, екіншісі осы Көкдала ауылында салынды. Көкдала ауылында осыған дейін оқушылар бастауыш мектепті бітірген соң көршілес  Ақсеңгір ауылына автобуспен тасымалданатын.

«Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Осы мектепті ауыл болып көптен бері күттік. Немерелерім ескі бастауыш мектепте оқитын еді. Енді мынадай жаңа мектепте білім алады», — деді ауыл ақсақалы Өмірбай Өмірзақов.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл ауданында 35 мыңға жуық оқушы бар. Жыл сайын 4000-нан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Ауданда 62 мектептің 10-ы үш ауысымда білім алып жатыр. 10 мектептің бірі осы Көкдала бастауыш мектебі болған.

Тегтер: жаңа мектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz