«2021 жылы 99 шаруа қожалық 34 315 гектар жерді айналымға енгізсе, осы жылы 43 шаруа қожалық 13 210 гектар жерді айналымға енгізді, тағы 1562 гектар жайылым жерде мал бастары тіркелмегендігі анықталды. Қазіргі уақытта жер қатынастары бөлімі тағы 1713 гектар жерді мақсатты пайдалануын анықтап жатыр. Жыл басынан анықталған 89 пайдаланушыдан 8500 гектар жер аудан әкімінің қаулысымен мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп қайтарып алу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков.
Айта кетейік, жайылым жерлерді ұлғайту бойынша 2021 жылы 8764 гектар жер пайдалануға берілсе, осы жылы 1523 гектар жайылым жер мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарылып алынып, тағы 500 гектар жерді қайтару сотпен қаралып жатыр. Жалпы Көксу ауданының жайылым жер қоры 38 138 гектар.