Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

30.08.2022
Саясат

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата Заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті.

Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді.

Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды.

Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар!

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы барлық мақсатқа жете беріңіздер!

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевқұттықтаумемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауылдық округтердің дамуы мен сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
09.08.2026

Алматы облысында жолдағы қауіпті учаскелер бақылауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысының биік тауында жарақат алған Германия азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысында 123 млрд теңгеге 106 нысан салынады

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz