Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Іле ауданында 2 700 орындық үш жаңа мектеп салынады

Алматы облысының Іле ауданында оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында үш жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Жаңа білім ошақтары пайдалануға берілгеннен кейін аудандағы үш ауысымды мектептердің саны екі есеге қысқарады, деп хабарлайды Аlataunews.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2026
Жаңалықтар

Қазір Алматы облысында 24 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Оның 16-сы халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Іле ауданында орналасқан.

Мәселен, Өтеген батыр ауылындағы жарты ғасырдан астам тарихы бар №7 орта мектеп 1 176 оқушыға арналған. Алайда бүгінде мұнда 2 500-ден астам бала білім алады. Орын тапшылығына байланысты тоғыз бастауыш сынып үш ауысымда оқуға мәжбүр.

Мектеп директоры Жәмилә Төлегенованың айтуынша, үшінші ауысымдағы сабақтар кешкі сағат 18:30-да аяқталады. Бұл әсіресе қыс мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне қатысты ата-аналар мен мұғалімдердің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықовтың айтуынша, жаңа білім беру мекемелерін салу үшін ауданда он жер учаскесі дайындалған.

«Биыл Өтеген батыр, Байсерке және Жайнақ ауылдарында әрқайсысы 900 орындық үш мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде аудандағы үш ауысымды мектептердің саны 16-дан 8-ге дейін қысқарады», – деді аудан әкімінің орынбасары.

Соңғы төрт жылда Алматы облысында 75 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның 26-сы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Биылғы оқу жылында Нұрғиса Тілендиев және Мұхамеджан Түймебаев ауылдарында да жаңа мектептер оқушыларды қабылдады.

Сонымен қатар 2027 жылы Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешу жоспарланып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
27.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
27.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
27.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
27.11.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
27.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz