Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Әділет» партиясы Алматы облысының өнеркәсібін дамыту жөніндегі жоспарларын таныстырды

«Әділет» партиясынан Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Абай Асылов пен Дінмұхамед Кузиев «Фирма БЕНТ» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Жиында өнеркәсіпті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және білікті техникалық мамандар даярлау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026
Жаңалықтар

Темірбетон шпалдары мен теміржол инфрақұрылымына қажетті өнімдер өндіретін кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Партия бағдарламасына сәйкес, Алматы облысында сапалы жұмыс орындарының санын қазіргі 125 мыңнан 2031 жылға қарай 182 мыңға дейін арттыру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік есебінен 53 220 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

«Өңір экономикасының дамуы өндіріс орындарының тұрақты жұмысына байланысты. Біз үшін тек жаңа жұмыс орындарының ашылуы емес, олардың сапасы мен еңбек жағдайының жақсаруы да маңызды. Сондықтан өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытуға және инвестициялық жобалардың жүзеге асуына ықпал етуді көздейміз», – деді Абай Асылов.

Сонымен қатар сайлауалды бағдарламада 48 инвестициялық жобаның іске асырылуына жәрдемдесу және орта кәсіпкерліктің өңір экономикасындағы үлесін 19,8 пайызға жеткізу міндеттері белгіленген.

Кездесуде өндіріс орындарын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Партия бағдарламасы аясында 3 720 жұмыссыз азаматты кәсіптік даярлау және қайта даярлау жоспарланған.

«Заманауи өндірісте жаңа технологияларды меңгерген мамандарға сұраныс жоғары. Жастардың техникалық кәсіптерді игеруіне, ал жұмысшылардың біліктілігін арттыруына жағдай жасау қажет. Бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді», – деді Дінмұхамед Кузиев.

Кездесу қорытындысында кандидаттар сайлауалды бағдарламада белгіленген экономикалық міндеттердің орындалуына депутаттық бақылау жүргізудің маңызын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы облысында бұрынғы әкімді жазадан босату туралы шешім жойылды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы облысында 6,4 шақырым веложол салынады

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

«Әділет» партиясы Алматы облысының өнеркәсібін дамыту жөніндегі жоспарларын таныстырды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
24.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz